ФЭНТЕЗИ ТИПОЛОГИЯСЫНЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ

2024

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.59102/kufil/2024/iss2pp141-152
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

ХХ-ХХI ғасырдың әлемдік мәдениетіне адамзат басынан өткен екі бірдей дүниежүзілік соғыстар нәтижесінде туындаған дағдарыстарға байланысты өмірдің ащы шындығынан оқшаулануға, тарихи дамудың мифтік бастапқы кезеңдеріне қайта жүгінуге бағытталған жаңа жанрларды іздеу және дамыту сипаттары тән десек қателесе қоймаймыз. ХХ ғасырдың ортасында Еуропалық прозаға ерекше жанр дендеп енді, ол кейінірек фэнтези жанры деп атала бастады. Фэнетзи жанры оқырмандардың, әсіресе жастардың арасында лезде орасан сұранысқа ие болды және бұл оның гүлденуі мен қанатын кеңге жаюына кепілдік берді. Фэнтезидің негізгі қайнар көздері ретінде Француздық «фея» ертегісін, Скандинавиялық және Кельт фольклорын, арғы фэнтези аталарының арасында Хорас Уолпол, Уильям Моррис, Дж.Б. Кэйбелл, Э. Блэквудтарды атап өтуге болады. Фэнтезилік әдебиет заманының алғашқы кезеңіндегі ең маңызды қайраткері - «Пегана құдайлары» жинағының авторы, Ирланд эпосына негізделген өзінің мұқият ойластырылған мифологиясы бар сиқырлы әлем циклін бастаған Британдық ақсүйек Лорд Эдвард Дансениді ерекше атап кетуге болады. Негізінде ол баста фэнтези әдебиеті өз тарихының бастауын Ежелгі Грекия мифтері мен Ортағасырлық эпостардан ("Беовульф") алады деуге әбден болады. Ортағасырлық романдар фэнтези жанрына орасан зор әсерін тигізді. Анджей Сапковскийдің пікірінше, өзінің сиқырымен, қылыштарымен және романтикасымен Артур аңызы көптеген фэнтези шығармалардың негізі болып қаланған. Қазақ фэнтезиінің арғы қайнар-бастауында Т. Рымжанов, Т. Сәукетаев, Б. Ыбырайым, Р. Сауытбай, И. Нұрғалиев, Т. Ермашев, З. Наурызбай мен Л. Калаус шығармаларына арқау болған қазақ фольклоры мен мифологиясының, ауыз әдебиеті ертегілері мен халық аңыздары жатыр. Біз осы мақаламызда фэнтези типологиясын талдауға және анықтауға талпыныс жасаймыз және ұмтыламыз.