М. БАЗАРБАЕВ ЗЕРТТЕУІНДЕГІ АҚЫНДАР ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ

2024

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.59102/kufil/2024/iss2pp132-141
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Қазақ поэзиясы үнемі ілгерілеп отыратын жанр. Ұлттық әдебиеттану тарихында поэзияның дамуындағы жедел өзгерістер жалпы әдебиеттің де даму сипатын байқатып, ондағы тақырыптық, идеялық, көркемдік-құрылымдық сипаттар үнемі зерттеу нысанына алынып отырды. Қазақ поэзиясының кезеңдік даму ерекшеліктерін, дәстүр мен жаңашылдықты, көркемдік қырларын жүйелі зерттеуге айналдырған ғалым Мүсілім Базарбаев болды. Зерттеуші өткен ғасырдағы қазақ әдебиетін, поэзияны зерттеу кезінде теориялық-әдіснамалық, тарихи, тақырыптық, көркемдік-стильдік ерекшеліктерді кешенді қарастырып, поэзияның даму бағдарындағы ілгерішіл-кейінді тұжырымдарды, дәуір поэзиясына қатысты дәуірлік сыни көзқарастарды саралап отырған. Мақалада зерттеушінің XX ғасырдағы қазақ ақындары С.Сейфуллин, С.Мұқанов, Ә.Тәжібаев өлеңдерін талдап, дәуір әдебиетіне тән мазмұн, форма, стиль өзгерістерін енгізгені, жекелеген тілдік қолданыстағы дәстүрлі ұғымдар мәнінің кеңейе қолданылғанын, жаңадан енген сөздер арқылы жаңа мазмұнға ие болған стильдік ерекшеліктерді, оның орыс әдебиетіндегі түр жаңалығымен іргелесе көрінгені сараланады. Қазақ поэзиясы тақырыптық-идеялық тұрғыдан құлашын кенге жайған, қазақ әдебиетін дамытып келе жатқан бай жанрдың бірі ретінде қарайтын болсақ, оны зерделеу, заман көшінен қалмай саралап-талдау күн тәртібіндегі үлкен мәселе. Мақалада замана келбетін, адам болмысын суреттеуде поэзияның орны ерекше екенін ескерсек, өлең адам жұмбағының, тылсым әлемінің кілтін табатын құрал ретінде талданады.