ҚАЗАҚТЫҢ АҚБАС ТҰҚЫМДЫ БҰҚАШЫҚТАРЫНЫҢ РАЦИОНЫНДАҒЫ ПРОТЕИН ДЕҢГЕЙІНІҢ ОЛАРДЫҢ ӨСУІ МЕН ДАМУЫНА ӘСЕРІ

2024

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.51452/kazatu.2024.2(121).1684
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Бұл мақалада төмен сапалы ірі азықты рационға протеин қосу арқылы ірі қара малдың азықты тұтынуы мен өнімділігін жақсарту бойынша зерттеу нәтижелері келтірілген. Тәжірибе жүргізу үшін 8 айлық қазақтың ақбас тұқымды 21 бас бұқашықтары іріктелді. Сынақ аяқталғаннан кейін бұқашықтардың жасы 12 ай болды. Бұл зерттеулер рациондағы протеин деңгейінің қазақтың ақбас тұқымды бұқашықтарының өсуі мен дамуына әсерін анықтау мақсатында жүргізілді. Зерттеу барысында рационға 15% протеині бар 2 топтың 5,77 кг құрғақ затты тұтынғаны анықталды, ал 1-ші және 3 топтар, сәйкесінше 7,39 және 6,63 кг құрғақ затты тұтынды, яғни 2-топпен салыстырғанда 1,62 және 0,86 кг жоғары. Құрғақ затты тұтыну сияқты, 2-топтағы орташа тәуліктік өсім (1,14 кг), яғни 1-топтан 0,34 кг жоғары және 3-топтан 0,12 кг төмен болды.