Аңдатпа
Қазіргі таңда жалпы тіл білімі саласында тіл ұғымымымен қатар, ділдік лексикон мәселесін бірге қарау керектігі негізгі ұстаным болып табылады. Оныңбасты себептерінің бірі – тілді тұтынушы халықтың және жеке адамның өткенімен қазіргі жағдайы ділдік индивидуалдықпен біте қайнасып жатқандығы. Ділдік лексиконның жеке тұлға бойында түзілуі және оның даму ерекшеліктері жайында адамның сөзді санада сақтауы және мәліметті қабылдауының вербальды-семантикалық, когнитивтік және прагматикалық жолдары толықтай қарастырылады. Индивидтің сөйлеу әрекетіне қатысты сөз өндіріп шығаруы, оны екінші адамнан қабылдауы, оны ұғынуы, санада ділдік бірліктердің сақталуы тәрізді сияқты ұғымдарға түсінік беріледі.Ділдік лексикон мәселесіне дейінгі саты психолингвистика жетістіктерініңқалыптасу, даму кезеңдеріне шолу жасалынып, қазіргі кезге дейінгі өзектілігісипатталады. Жалпы тіл білімінде ділдік лексикон жайлы алғашқы зерттеулермен жан-жақты сипатталған тұжырымдарға талдау жүргізу арқылы қазақ тіл біліміндегі орнын қалыптастыруда бірқатар әлемдік ғалымдардың ділдік лексикон бағытындағы зерттеулері басшылыққа алынады. Бұған дейінгі еңбектер мен зерттеулерді басшылыққа алу арқылы қорытындыланған зерттеуімізде ділдік лексиконның жаңа қыры – бастауыш мектептегі балалардың тілінің қалыптасуы жайлы айтылады.