1920–1930 жж. кеңес билігінің дінге қарсы күресі

2024

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.31489/2024hph2/196-206
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Индустриаландыру, ұжымдастыру, мәдени төңкеріс, ғылым мен мәдениетті, кеңестік идеологияға қызмет ететін зиялы қауымды және жаңа өмір салтын қалыптастыруды көздеген міндеттер арқылы Кеңестер Одағында социализм орнатудың доктринасы іске асырыла бастады. Мақалада авторлар осы тұрғыда 1920–1930 жж. кеңестік биліктің дінге, дін қайраткерлеріне қарсы жүргізген ұстанымдары мен саясатын анықтайды. Сонымен қатар кеңес үкіметінің дінге қарсы ұзақ уақытқа созылған саясаты кезеңдерін қарастырады. Авторлар архив материалдары негізінде тоталитарлық қоғам тұсындағы халықты «құдайсыз» кейіпке түсіру үшін жүргізген арнайы іс-шаралары және дін қайраткерлеріне байланысты ұйымдастырылған қуғын-сүргін, қозғалған қылмыстық істер жайлы баяндайды.