«Шежіре-и Таракиме» шығармасындағы ортағасырлық мемлекеттерге қатысты жер-су деректерінің берілуі

2024

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.31489/2024hph2/174-186
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Ұлы далада өмір сүрген түркі ру-тайпаларының этникалық тарихы саяси, әлеуметтік себептерден күрделі жағдайда жүрді. Көші-қон, жойылу, бөліну, ассимиляция сияқты үдерістердің нәтижесінде мәдениеттер тоғысып, халық болып қалыптасқаны да белгілі. Кез келген уақытта тарихи үдеріс белгілі бір тарихи кеңістікте жүріп отырады. «Кеңістік» ұғымының түп-төркіні тоқтаусыз құбылыс және шексіздік ұғымына саяды. Ал, «Тарихи кеңістік» жер бетіндегі түрлі тарихи оқиғалар мен үрдістердің белгілі бір уақыт пен ортада өтуі. Мақалада Әбілғазының деректерінде келтірілген Ұлы далағы тарихи жерлер мен олардың сипаты қарастырылған. Авторлар «Шежіре-и Таракиме» шығармасындағы жиі аталатын, ежелден түркілердің құтты қонысы болған Сырдария, Еділ, Жайық өзендері, Қазығұрт, сонымен қатар Алмалық, Сайрам, Талас (Тараз) Йангикент қалалары, Маңғышлақ (Маңғыстау), Дешті-Қыпшақ, Мауереннахр, Тұран, Түркістан далалары туралы деректерді талдаған.