ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ЖӘНЕ ТАЯУ ШЫҒЫС ЕЛДЕРІНІҢ САЯСИ ПРОЦЕСТЕРІНДЕГІ ДІНИ ФАКТОР

2024

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.48010/aa.v100i2.603
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Бұл мақалада Орталық Азия мен Таяу Шығыс елдеріндегі діни факторды ескере отырып, саяси процестерді талдауға әрекет жасалды. Қазақстандық қоғамның тұрақтылығы мен қауіпсіздігіне әсер етуі мүмкін түрлі процестердің алдын алу үшін Сириядағы ағымдағы діни және саяси жағдайға талдау жүргізілді. Ғылыми және сараптамалық қауымдастық үшін модернизациялық трансформацияларының үлгілері, аймақтағы елдерді демократияландыру және либералдандыру, оларда саяси және экономикалық реформалар жүргізу сияқты проблемалық мәселелер әлі де үлкен қызығушылық тудырады. Осы мәселелер аясындағы даму жүйелері, рәсімдері, тетіктері, жолдары мен тәсілдері Орталық Азия өңірі үшін ғана емес, Таяу Шығыс елдері үшін де жақсы таныс қоғамның тұрақсыздануының туындау себептерін анықтаудың іргелі маркерлері болып табылады. Зерттеудің мақсаты – қоғамның тұрақсыздануын ынталандыратын геосаяси стратегиялардың, діни және мәдени факторлардың қалай тоғысатынына көрсете, ортақ және алшақтықтарды анықтау. Дін саласындағы сириялық тәжірибені талдауды ескере отырып, Қазақстан үшін нақты ұсыныстар келтірілген.