ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ СОПЫЛЫҚ: ТАРИХЫ МЕН СИПАТЫ

2024

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.48010/aa.v100i2.613
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Бүгінгі таңда Қазақстанда ислам тақырыбы өзекті мәселелер-дің бірі. Елдегі діни мәселелердің терең тамырларын ескере отырып, қазіргі Қазақстандағы діни процестерді бағдарлауға болады және мемлекеттің бейбітшілігі мен тұтастығын сақтау мен Қазақстан халқын діни негіздегі қақтығыстардан арылту үшін қай бағытта қозғалу керектігі жайында қоғамда жаңа тетіктер іске қосылуы қажет.Бүгінгі таңда сопылықтың пайда болу тарихы мен мәселелері және оның онтологиялық табиғаты және қазіргі әлемдегі рөлі гуманистік дүниетанымды дамытатын негізгі ой мектебі болып табылады. Сопылық феноменінің жан-жақтылығы мен оның әртүрлілігі ерекше қайшылықтарды тудырады. Сондықтанда мақаланың негізгі мақсаты Қазақстандағы «сопылық» бағыттың даму тарихын тереңірек талдау болып табылады. Назарларыңызға ұсынылып отырған мақала Исламның маңызды бағыттарының бірі – Қазақстандағы сопылық бағыттың таралуы, оның негізгі бағыттары мен ерекшеліктерін талдауға арналған.