ДӘРУІШТЕРДІҢ ҰЛЫ ЖІБЕК ЖОЛЫ БОЙЫНДАҒЫ ЕЛШІЛІК ҚАТЫНАСТАРДАҒЫ ҚЫЗМЕТІ МЕН РӨЛІ

2024

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.48010/aa.v100i2.482
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Бұл зерттеуде Еуразия құрлығының көптеген елдері мен халықтарын байланыстыратын тек экономикалық тұрғыдан ғана емес, сонымен бірге рухани және мәдени алмасудың ең қуатты арна болған Ұлы Жібек жолындағы дервиштердің миссионерлік рөлі қарастырылады. Сонымен қатар, бұрынғы және қазіргі уақытта бұл процестердегі ең маңызды рөлді исламдық фактор атқарды. Ортағасырлық деректерге сәйкес, ІХ-Х ғасырларда бұл жолдардан өткен негізгі мұсылмандар аймағы болды - Таяу Шығыстан Солтүстік Қытайға дейін. Осы кең аумақтың дамуына мұсылман ғалымдары, теологтары мен зеңгерлері арасында қалыптасқан байланыстар ықпал етті. Ұлы Жібек жолы халықаралық дипломатиялық қатынастар және елшілердің, дін уағыздаушылардың (миссионерлер) жолы болды. Сопылар мен дәруіштер аскеттік өмірді, ұстамдылықты және әлемді кезу жолында діни мақсат ретінде рухани сапар идеясымен қаруланып, өздерінің жеңіл күшімен ислам дінімен әлемнің жартысын жаулап алған. Осылайша, ертедегі сопылық діни идеялар жүйесі жер шарының шалғай түкпірлерінде исламның одан әрі қарқынды таралуының негізін қалағанын байқауға болады. Сонымен қатар, сол жолмен жүрген ғалымдардың, елшілердің, ақын-сопылардың түркі халықтарының және ұлы басшылардың (хандар) дипломатиялық қатынастардың рәсімдері мен елшілердің қабылдау тәртібі туралы тарихи жазбаларында келтірілген деректері қарастырылған. Дереккөздердің талдауы сопы-дервиштердің тек діннің таралуына ғана емес, сонымен қатар, әртүрлі мәдениеттер арасындағы диалогтың нығаюына және дамуына үлес қосқанын, бұл өз кезегінде рухани байланыстардың, тұрақтылықтың, белгілі бір кезеңдегі қоғамның барлық салаларының дамуына әкелді.