Аңдатпа
Бұл мақалада жас ұрпақтың бойында патриоттық мәдениетті қалыптастырудың өзекті мәселелері жан-жақты қарастырылып, негізгі ұғымдардың мәнін анықтауда және түрлі түсініктемелерді саралауда философиялық, психологиялық-педагогикалық, әлеуметтік еңбектерге сүйеніп баяндалды. Патриоттық мәдениет ұғымының мәні мен мағынасын жете түсіну үшін «патриотизм» мен «мәдениет» ұғымдарының теориялық-әдістемелік негіздерін басты мақсат етіп, аталған ұғымдардың шығу тарихы мен ғылыми айналымға ену мәселесін қарастырып, философиялық базистеріне талдау жасалды. Зерттеу өзектілігіне сай зерттеу методологиясында тарихи, детерминизм және хронологиялық принципті, диалектикалық байланысты сақтай отырып, жүйелілік, жіктеу әдістері қолданылып, қорытынды жасалды. Сонымен қатар, мақалада оқу әрекетін ұйымдастырудағы педагогикалық тәсілдеме мен бағыттарды ескере отырып, пәндік білім берумен қатар адамның рухани дамуын зерттеген отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектеріне сүйену арқылы сыни көзқарастарға талдау жасалып, ой тұжырым жасау арқылы ғылыми-әдебиет авторларының пікірі объективті түрде қорытылды. Зерттеуші ғалымдардың патриоттық және мәдени көзқарастарының тоғысуының аясында, қоғамның даму тенденциясына сай құндылықтар эволюциясындағы жаңа ұғымға жүйелі түсінік беру арқылы ғалымдардың еңбектерін жіктеу арқылы өзектілігіне сай зерттеу жұмысымыздың бір бөлігі айқындалды.