АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ ТЕОРИЯСЫНЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ

2024

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Hybrid Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.47649/vau.2024.v.73.i2.19
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Бұл мақаланың негізгі мақсаты адам өмірінде тумысынан берілетін, ажырамас, аса бағалы қазынасы танылатын адам құқықтарының халықаралық құқықтық теориясының бірнеше мәселелерін қарастыру болып табылады. Адам құқықтарының теориялары бастау алатын Ежелгі Грекия, Рим кезеңінен бастап, XVII-XVIII ғасырлардағы Еуропа ұлы ғұламаларының адам құқығы жөніндегі теорияларын зерттеп, 1789 жылғы Француз революция кезеңі мен Бірінші және Екінші дүниежүзілік соғыс уақытында енгізілген өзгерістерге үңіліп, қазіргі күнге дейінгі адам құқықтарының дамуын түсіндіре отырып, халықаралық қатынастарда, халықаралық құқық саласында алатын орны қарастырылады. Халықаралық деңгейде ұлы философтардың адам құқықтары ұғымына берген әртүрлі түсініктемелері мен көзқарастары, оның ішінде иерархия, бірлік, біржүйелілік, тәуелсіздік, билік, әділеттілік және заңдылық мәселелері сияқты халықаралық құқықтың теориялық мәселелері қарастырылады. Сонымен қатар, адам құқықтарының халықаралық құқық саласындағы құндылығы, ерекшелігі, тәуелсіздігі, өзара теңдігі және оларды қорғауда мемлекет және өзге де құқықтық институттарының міндеті туралы түсінік беріледі. Халықаралық қатынастарда утилитаризм, конструктивизм, либерализм, феминизм, космополотизм және басқа да теориялардың шығуы мен мәні, қазіргі замандағы адам құқықтары туралы түсінікке қосқан үлесі қарастырылады. Біріккен Ұлттар Ұйымы және Еуропалық адам құқықтары Соты сияқты халықаралық ұйымдардың адам құқықтарын қорғау мен насихаттаудағы рөлі және аталған ұйымдардың нормативтік актілерді әзірлеп, оған мүше мемлекеттердің актілерді сақталуын бақылауы, адам құқықтарының бұзылуына қатысты шағымдарды қарап, реттеу секілді қызметтері көрсетіледі.