Кредиттік серіктестіктің қызметін бағалау және оның ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын қаржылық қамтамасыз етудегі рөлі

2024

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.32523/2789-4320-2024-2-252-266
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Аңдатпа. Мақалада қойылған мақсат болып ауыл шаруашылық кәсіпорындарды қаржылық қамтамасыз ету үрдісіндегі Несиелік серіктестіктің рөлі мен іс-әрекетін бағалау табылады. Абстракты-логикалық және статистикалық әдістерді қолдану арқылы атадмыш мақсатқа сәйкес Ақмола облысының «Целиноградское» атты Жауапкершілігі Шектелген Несиелік Серіктестіктің қызметін динамикада бағалау, оның ауыл шаруашылық тауар өндірушілерге қаржылық қолдау көрсетудегі рөлін анықтау, сол тауар өндірушілерді несиелендірудің жағдайы, атап айтқанда несиелердің құрылымы мен оларды пайдалануы, және де соларға байланысты мәселелерді анықтау сияқты міндеттер қарастырылды. Несиелік серіктестіктің кірістері мен шығыстарының жағдайы, ауылшаруашылығы тауарын өндірушілерін несиелендіру көрсеткіштері, яғни олардың динамикалық және құрылымдық өзгерістері бағаланды. Нәтижесінде экономикалық тұрғыдан алғанда таза пайданың өсуі, ең алдымен, кірістің өсу қарқыны шығыстың өсу қарқынынан жоғары болуына байланысты екені анықталды. «Целиноградское» Несиелік ЖШС-тің делдалдық қызметі бірнеше жылдық динамикада қатысушы саны, бағыттар бойынша берілген несиелердің көлемі, оларды қайтару көрсеткіштері негізінде талданып, несиелік серіктестік қызметінің оң нәтижесі ретінде динамикада ауыл шаруашылық тауар өндірушілерге берілетін несиелер көлемінің өсу тенденциясы анықталды. Ал несиелік серіктестіктің қызметінің тиімділігі мақалада келтірілген қатысушылардың алынған несиелер арқылы өздерінің өндірістік және қаржылық көрсеткіштерін жақсартуымен дәлелденген. Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерді Несиелік серіктестіктер арқылы несиелендіру механизмін әрі қарай дамыту сол серіктестік мүшелерінің өндірістік және қаржылық қызметтерінің нәтижелері мен олардың көлемдерін есепке ала отырып іске асыруы тиіс, яғни несиелерді ең алдымен ойдағыдай іс-әрекет жүргізуші кәсіпорындар алуы тиіс.