«Ақ жол» көптомдығына сын

2024

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.32523/2616-7255-2024-147-2-158-163
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Ұлттық баспасөз тарихында ұлтшылдық бағытымен кеңестік идеологияның қырына іліккен «Ақ жол» газетінің материалдары көптомдық болып жарық көруі еліміздің мәдени өмірінде елеулі оқиға болып саналады. Көптомдық жинақты құрастырушылар араб әрпімен жарық көрген ұлттық баспасөз органының барлық материалдарын кириллицаға транскрипциялап, түсініктеме, авторлар тізімі, қысқарған және сырттан енген сөздер мен ұғымдардың сөздігімен қамтамасыз еткен. Зерттеушілер мен оқырмандарға қолжетімсіз болып келген газет материалдарын ғылыми айналымға ұсынған. Мақсаты мен міндеттері. Мәдени мұра ретінде жарық көрген жинақты сыни тұрғыда талдау – зерттеудің басты мақсаты болып белгіленді. Осыған сай зерттеуде жинаққа енген мақалалар ұлттық идея қалыптастыру және насихаттау ұстанымдарына қарай жіктелді. Газет авторлары мен редакторларының жекелеген мақалалары талданады. Газеттің жарық көруі, Түркістан өлкесіндегі қоғамдық-саяси процеске ықпалы және идеологиялық қысыммен жабылуы айқындалады. Нәтиже. «Ақ жол» газетінің «Қазақ» газетімен идеялық сабақтастығы, ұлттық құндылықтарға қатысты саяси және рухани ұстанымдарының ортақтығы анықталды. Қорытынды. Деректанулық талдау барысында жинақтың ХХ ғасыр басындағы тарихи-мәдени процестерді ғылыми қалпына келтіруге бағытталған зерттеулер үшін аса құнды қолданбалық мәнге ие болады деген қорытынды тұжырым жасалды.