Қоғамдық сананың трансформациясы: Маңғыстау өңірі мен Өзбекстан аумағындағы әулиелер бейнесі негізінде

2024

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.32523/2616-7255-2024-147-2-229-245
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада Өзбекстан Республикасы Ташкент, Самарқанд, Бұқара қалалары мен Қазақстанның Маңғыстау өңіріндегі әулиелерді жергілікті халықтың қабылдауы мен зиярат ету әрекеттері бойынша жүргізілген зерттеу жұмыстарының нәтижелері баяндалады. Зерттеу барысында әулие түсінігінің түркілер даласына алғаш келуі мен жергілікті халықтың оны қабылдауы, XX ғасырдың бас кезіндегі Кеңес үкіметінің саяси әрекеттерінің сакралды түсінігіне ықпалы, тәуелсіздік жылдарынан бастап Қазақстанның аталған құндылықты қайта қалпына келтіру және жаңғырту бағыттары бойынша атқарылған жұмыстары сарапталды. Әулиелер арасындағы сабақтастықтың өңірлер арасындағы шалғайлыққа, уақыт арасындағы ұзақтыққа қарамастан жүзеге асу негіздері отандық және шетелдік зерттеушілердің еңбектері негізінде зерттелді. Нақтырақ айтқанда, әулиелер арасындағы сабақтастыққа негіз болған көне медреселер назарға алынды. Халық жадында әулие деп сақталған тарихи тұлғаларға зиярат етушілердің трансформацияланған түсініктерінің өзіндік ұқсастықтары мен айырмашылықтары қарастырылып, әулиелі жерлердің туризм ошағы немесе қаржы табу мекеніне айналу мәселелер зерттелді.