«Құпия шежіре» – Орталық Азия көшпелілерінің мәдени мұрасы

2024

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.32523/2616-7255-2024-147-2-268-287
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада ХІІІ ғасырда жазылған «Құпия шежіренің» Орталық Азия халықтарының рухани мәдениетінде алатын орны, бүгінгі күнге жету жолы, өзіне дейінгі және кейінгі сабақтастығы негізінде маңызды тұжырым жасалды. «Құпия шежіре» әлемге аты әйгілі билеуші Шыңғыс ханның VIII ғасырдан бергі ата-тек шежіресі мен өз дәуірінің тарихи оқиғалары өзінің нұсқауымен қағазға түсе бастап, 1240 жылы тақ мұрагері Өгедей ханның тұсында аяқталған. Шежіре ортағасырлық көшпелі түркілер тарихында орын алған мәдени, рухани, әлеуметтік, саяси құбылыстар, олардың дүниетанымы, ру аралық қатынастары мен ел билеген тұлғалары туралы мәліметтерді қамтуымен құнды. Мақалада «Құпия шежіре» мәтініндегі ішкі байланыс, контекстік элементтер, шежіренің қайнар көзі болған түркі халықтарының дастан, тарихи құжаттармен байланысы талданды. «Құпия шежіредегі» генотеизмге, бастапқы ата-тек Бөрте-Чиноның түркі халықтарының ортағасырлық тарихындағы Бөрте-Шене тұлғаларына аналогиялық тұжырым жасалды. Шежіредегі бастапқы негізгі мәліметтер Шыңғыс хан дәуірінен кейін тақ мұрагерлері арқылы тарап, олардың Орталық Азияның әр тұсында билік еткен жерлерінде мазмұн, мотивтері ұқсас көптеген шежірелердің тууына ықпал еткенін көрсетеді. Сондықтан да бұл мақалада «Құпия шежіренің» өзіне дейінгі Ұлы Далада өмір сүрген түркілердің рухани мұраларымен сабақтастығы мен кейінгі шежірелерге ықпалы зерделене отырып «Құпия шежіре» Орталық Азия халықтарына ортақ мәдени мұра ретінде бағаланады. Зерттеу нәтижелері Орталық Азияның мәдени мұрасын сақтау контекстінде «Құпия шежірені» түбегейлі зерттеудің маңыздылығын көрсетеді. Мақала қазақтың мәдени мозаикалық ландшафтын қалыптастырудағы «Құпия шежіренің» рөлін ескере отырып, бұл шежірені түпнұсқалық тұрғыда терең талдауға шақырады.