IMPROVING THE NUTRITIONAL VALUE OF PASTA WITH THE ADDITION OF ORDINARY ROSEHIP

2024

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.55956/inhm2825
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Азық-түлік сапасы және адамның жалпы диетасының тепе-теңдігі денсаулық жағдайы мен оның өмір сүру сапасы үшін өте маңызды. Макарон өнімдері халықтың барлық топтарында тұрақты сұранысқа ие, сондықтан оны функционалды компоненттерді енгізу объектісі ретінде қарастыруға болады. Макарон өнеркәсібінің кәсіпорындары функционалдық бағыттағы байытылған өнімдер шығарады, бірақ олардың саны бүгінгі күні жеткіліксіз. Макарон өнімдерінің танымалдылығын, химиялық құрамын өзгерту және тағамдық құндылығын арттыру мақсатында макарон қамырының құрамына байытатын шикізатты қосу мүмкіндігін ескере отырып, бұл бағытты өзекті және перспективалы деп санауға болады. Зерттеуде жүйелеу, талдау және жалпылау әдістері қолданылды. Жұмыс Қостанай мелькомбинаты АҚ-да, макарон цехында (Қостанай облысы) жүргізілді. Мақалада ресейлік және шетелдік зерттеушілердің байытылған өнімдер ассортиментін, атап айтқанда дәстүрлі емес шикізатты, соның ішінде итмұрын өндірісінде қолданылатын байытылған макарон өнімдерін кеңейтудің бүкіл әлемдегі перспективалық бағыты бойынша ғылыми еңбектеріне шолу берілген. Макарон өнеркәсібіндегі проблемалар мен тенденциялар көрсетілген. Зерттеу нәтижелері дәстүрлі емес шикізатты пайдалана отырып, макарон өнімдерінің жаңа рецептері мен технологияларын әзірлеу кезінде зерттеушілер мен өндірушілерге қызықты және пайдалы болуы мүмкін.