Информатика саласына қатысты мектеп оқулықтарында терминдердің қолданылуы

2024

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.59941/2960-0642-2024-1-19-28
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Білім беру саласындағы мұғалімдердің негізгі құралы – оқулық. Оқулықтардың мазмұнына қойылатын талаптардың бірі – терминдердің жүйелі қолданылуы. Мақаланың мақсаты – мемлекеттік терминологиялық коммиссия бекіткен терминдердің оқулықтарда қолданылу деңгейін анықтау. Осы мақсатқа сәйкес мақалада «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» 4-сынып, «Информатика» 5-сынып, «Информатика» 6-сынып, «Информатика» 7-сынып (Алматыкітап баспасы), «Информатика» 7-сынып (Атамұра баспасы), «Информатика» 7-сынып (Арман – ПВ баспасы) мектеп оқулықтарының негізгі терминдері termincom.kz сайтындағы, терминдермен салыстырылды. Салыстырылу нәтижесінде мынадай мәселелер анықталды: termincom.kz қорындағы информатика саласына қатысты бекітілген терминдердің оқулықтарда қолданылмай, басқа нұсқаларының қолданылуы, информатика саласына қатысты оқулықтардағы кейбір терминдердің termincom.kz қорында қамтылмауы, оқулықтарда орыс тіліндегі терминдер бірінші жазылып, қазақ тіліндегі терминдердің жақша ішінде жазылуы, орыс тіліндегі әртүрлі ұғымды білдіретін екі терминнің орнына қазақ тілінде бір терминнің қолданылуы. Осындай мәселелер туындамас үшін, терминолог мамандар мен сала мамандары бірлесіп жұмыстар атқарып терминдерді бекітуі керек. Оқулық жазу барысында авторлар бекітілген терминдерге назар аударып, соларды қолдану дағдысын қалыптастырулары қажет. Термин ұғым мен мағынаны толық сипаттай алмайтын жағдай болса, авторлар өздерінің ұсыныстарын мемлекеттік терминологиялық коммиссияға ұсынулары қажет. Жазылған оқулықтарға сараптама жасалған кезде, пән бойынша базалық ғылыми мазмұнның сақталуы үшін терминдерге баса назар аударылуы қажет.