Психикалық дамуы тежелген бастауыш сынып оқушыларының эмоционалды-ерік саласының ерекшеліктері

2024

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.59941/2960-0642-2024-1-71-81
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Бұл мақалада психикалық дамуы тежелген бастауыш сынып оқушыларының эмоционалды-ерік саласының ерекшеліктері және оның оқудағы жетістіктеріне әсері қаралады. Әлеуметтендірудің маңыздылығына және эмоционалдық дамудың осы үдеріске әсеріне назар аударылады. Психикалық дамуы тежелген балалардың эмоционалды-ерік саласының негізгі тенденциялары мен типтік ерекшеліктерін, эмоционалды реакциялары мен ерікті қасиеттері сипатталды. Олардың мақсат қою, жоспарлау және шешім қабылдау сияқты ерікті қабілеттері жиі нашарлауы тапсырмаларды өз бетінше орындау және жауапкершілікті орындау қабілетіне әсері сипатталған. Проблеманың әртүрлі аспектілері, оның ішінде эмоционалдық бұзылуларды түсінудің теориялық тәсілдері, диагностика және түзету әдістері, сондай-ақ осы балалардың қоғамға кірігу стратегиялары баяндалады. Психикалық дамуы тежелген балаларда эмоционалды реакциялар мен ерікті процестерді қалыптастыру механизмдерін, олардың әлеуметтік өзара әрекеттесудегі ерекшеліктерін, сондай-ақ түзету және психологиялық-педагогикалық қолдау әдістерін зерттеу маңызды болып табылады. Психикалық дамуы тежелген бастауыш сынып оқушыларының эмоционалды және ерікті дамуын қолдау үшін ерте және мақсатты араласудың, жеке ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, оларды оқыту мен дамытуға кешенді тәсілдің маңыздылығы атап өтіледі. Психикалық дамуы тежелген бастауыш сынып оқушыларының эмоционалды-ерік саласының қалыптасу және мектептегі мазасыздық деңгейі анықталды. Сонымен қатар, балалардың эмоционалды-ерік саласын арт-технологияларды пайдалану арқылы дамытуға арналған «Өмір бояулары» түзету бағдарламасына шолу жасалды.