SMB параметрлік әдісін қолданып, Балқаш көліндегі толқындардың биіктігін модельдеу

2024

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.32523/bulmathenu.2024/1.4
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Океанография, метеорология және жағалау инженериясы саласында толқын биіктігін талдау және болжау шешуші рөл атқарады. Толқын биіктіктерінің негізінде жатқан статистикалық үлестірімдер толқындардың орташа және ең жоғарғы биіктіктеріне қатысты олардың қалай таралуын сипаттау үшін қажет. Бұл мақалада таралу функцияларының ішінде өте жиі қолданылатын Вейбулл және Рэлей таралу функциялары белгілі бір уақыт аралығында зерттеліп отырған аймақ үшін қоланылды. 2002-2021 ж.ж. аралығындағы RADS альтиметриялық ақпараттар қорынан алынған мәліметтер Балхаш көлі үшін статистикалық талданды. Вейбулл және Рэлей таралу функциялары талданып жеке параметрлері анықталды. Толқынның орташа және максималды биіктігі екі таралу функциясының көмегімен бағаланды және бір бірімен салыстырылды.