ИСЛАМДАҒЫ БІЛІМ ЖӘНЕ «КИЕЛІЛЕР» КУЛЬТІ

2024

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.48010/aa.v99i1.508
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мұсылман өркениетінің қалыптасуы араб халифатының пайда болуымен, дамуымен тікелей байланысты. ҮІІ ғасырда жаңадан пайда болған монотеистік дін Ислам солтүстіктегі Орта Повольжеден оңтүстіктегі Мадагаскарға, батыстағы Африканың Атлант жағалауынан шығыстағы Азияның Тынық Мұхит жағалауына дейін таралды. Эллиндік Жер орта теңізін үнді-иран әлемімен біріктірген Александр Македонский дәуірінен кейін араб халифаты бес ғасырдан астам уақыт бойы әлемдік өркениеттің материалдық және ғылыми-философиялық орталығы болды. 1258 жылғы монғол шапқыншылығынан кейін Бағдадтың құлауы мен Аббасидтер халифатының жойылуы ислам өркениетінің құлдырауына әкелді. Кезіндегі ортақ мәдени кеңістік араб, иран, түрік және т.б. ареалдарға бөлінді. Дегенмен де Ислам дінінің бейбітсүйгіштік, ынтымақтастық сияқты идеалдары оның үмметтерінің саяси, этникалық және мәдени сепаратизміне қарамастан, олардың рухани бірлігін қалыптастырды.Автор ислам дінінің оған дейін қалыптасқан діни жүйелері болған аумақтарға тарағанын айтады. Сондықтан ұзақ уақыт бойы Ислам бұл аймақтарда үстемдік ететін дін болған жоқ, сондықтан халықтардың рухани болмысына «кірігуге» мәжбүр болды. Сол себепті кейбір аймақтарда таза діни ғибадаттармен қатар Исламға дейінгі наным-сенімнің канондары бойынша әулие-әмбиелерді, олардың мазарларын киелі санаудың қатар келетініне тоқталады. Сонымен қатар, мұсылмандардың діни санасындағы мұндай компоненттердің орны мен рөлі барлық өңірде бірдей болған жоқ.Мақалада мұсылман өркениеті классикалық кезеңінің базистік аспектілеріне қатысты Ислам құндылықтары мен институттары реформаторлық-модернистік тұрғыдан анықталып, талданады. Сонымен қатар постклассикалық исламдағы киелілер культі мен киелі орындарға деген қарым-қатынас мәселесі қарастырылады.