ЦИФРЛЫҚ ТҮРКІ ӘЛЕМІ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАННЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ДИСКУРСЫ

2024

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.48010/aa.v99i1.572
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

ХХІ ғасыр – ақпараттық қоғам деген атаумен атала басталды. 1950-1970-шы жылдары техниканың, компьютердің қарқынды дамуы қоғам дамуы жаңа бір сатыға көтерді. Ақпараттық қоғам атауы ғылымда түрлі атаулармен белгілі: постиндустриялды қоғам, “ағартушы қоғам”, “қауіп қатер қоғамы”, “посткапиталистік қоғам” және т.б. Индустриялдық қоғамның құндылық өлшем материалдық сипатта болса, ақпараттық қоғамда басты құндылық – ақпарат болып табылады. “Техникаландырылған” және “ақпараттандырылған” сипаттағы қоғамның бұл түрінде “цифрландыру” процесінің көрініс табуымен сипатталады. Мақаламызда ақпараттық қоғам теориялары, цифрландыру ұғымы және процессі және Түркі Мемлекеттері Ұйымына мүше мемлекеттердің цифрандыруға байланысты жобалары туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар, Түркі Мемлекеттері Ұйымына мүше бес мемлекеттің (Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Түркия) ақпараттық қоғам шартында ақпараттық кеңістік қызметтерінің мүмкіндіктерін қолдану және қоғамның түрлі салаларындағы цифрландыруға байланысты бағдарламалар, доктриналар, тұжырымдамалар және жобалары баяндалды. Сондай-ақ, аталған елдердің ақпараттық кеңістікте өзара интеграциялануына қатысты халықаралық стратегиялық бағдарламаларға да тоқталдық.