ACHILLEA MILLEFOLIUM L. ӨСІМДІГІНІҢ МАКРОСКОПИЯЛЫҚ ЖӘНЕ МИКРОСКОПИЯЛЫҚ ДИАГНОСТИКАЛЫҚ БЕЛГІЛЕРІ

2024

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Hybrid Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.53511/pharmkaz.2024.29.39.035
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Адам денсаулығын қорғау саласында, дәрілік қасиеттері жоғары шөптік препараттарды қолдану ішкі және сыртқы профилактикаға, терапия жүйесінде өте маңызды рөл атқарады. Соның ішінде дәрілік өсімдіктердің құрамында емдік әсерінің кең спектрі бар, әдетте улы емес, біркелкі өсетін, тұрақты фармакологиялық әсерімен сипатталатын биологиялық белсенді заттардың кешендері бар. Осыған байланысты кәдімгі мыңжапырақты (Achillea millefolium L.) зерттеу, дәрілік өсімдік ретінде адамның практикалық өмірінде маңызды орын алады. Қазіргі заманғы медицинада кәдімгі мыңжапырақтан фитотерапияда сыртқы және ішкі қанның кетуіне гемостатикалық агент ретінде, ауруды басатын тынышталдырғыш күтім ретінде қолданылады. Сонымен қатар, бұл (Achillea millefolium L.) өсімдімдігің емдік әсерінің ерекшеліктері толық зерттелмеген. Сондықтан, мыңжапырақты зерттеу Achillea millefolium L. белсенді заттардың негізгі топтарын бөліп алып, олардың фармакологиялық белсенділігін анықтау.