ANYLOGIC ОРТАСЫНДА АГЕНТТІК МОДЕЛДЕУ НЕГІЗДЕРІ

2024

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.48081/zbnh6773
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Бұл мақалада, XJ Technologies компаниясы әзірлеген көп әдісті, жалпы мақсаттағы компьютерлік моделдеу ортасы AnyLogic-тің мүмкіндіктері туралы және сонымен қатар, AnyLogic ортасында моделдеудің мүмкіндіктерін түсіндіру мақсатында – шағын әуежай жұмысының 3D моделін құруды компьютерлік жүзеге асырудың кейбір амалдары қарастырылады. Бұл моделді құру үшін келесі есептерді қамтитын тапсырма қойылады: «Шағын әуежайда жолаушылар қозғалысының имитациялық моделін жасау барысында, алдымен, жолаушылар әуежайға келеді, рейске тіркеледі, тексеруден өтеді және күту аймағына барады. Ұшаққа отырғызу басталғанда жолаушылар билетті тексеруден өтеді, содан кейін ұшаққа отырғызу басталады». Осы тапсырмаларды ескере отырып, моделді құру барысында, жалпы AnyLogic программасына, оның ішінде, «Жаяу жүргіншілер» кітапханасының мүмкіндіктеріне ерекше көңіл бөлінеді. Шағын әуежайда жолаушылар қозғалысының имитациялық моделін жасаудың алты фазасының әрқайсысында шешілетін сұрақтар, және әрбір фазаны орындау нәтижелері модельдің визуалды иллюстрацияларымен ұсынылады. Жалпы алғанда, AnyLogic ортасында моделдеуді игерудің мақсаты – жүйелерді компьютерлік моделдеудің заманауи технологиялары туралы теориялық білімнің базалық көлемін қалыптастыру болып табылады, оның негізінде себеп-салдарлық байланыстарды талдау, болжау, жоспарлау, басқару шешімдерін қабылдау бойынша практикалық дағдылар қалыптасады. Кілтті сөздер: AnyLogic, имитациялық моделдеу, агенттік моделдеу, модел, жүйелік динамика.