БОЛАШАҚТА ҚАЗАҚСТАНДА ЖЕЛ ГЕНЕРАТОРЛЫҚ ҚОНДЫРҒЫЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ ТУРАЛЫ

2024

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.48081/mnhn6637
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада Қазақстан Республикасында және алыс шетелдерде жасыл энергетиканы дамытудың басым бағыттарына талдау жасалды. Қазақстан Республикасындағы үкіметтік құжаттарға сәйкес күн және жел энергетикасы перспективалы бағыттар болып табылады. Еліміздің Жел энергетикалық әлеуеті жылына 920 млрд. кВт*сағ. бағаланады. Қазақстан Республикасында жасыл энергетиканы дамытудың өзектілігі негізделген. Заманауи, жақсы қалыптасқан жел генераторларына талдау жасалды. Жел генераторлары үшін ең перспективалы болып табылатын, ол турбинаның көлденең және тік айналу осі бар құрылымдары. Көлденең айналу осі бар жел генераторлары Қазақстанда сәтті пайдаланылуда. Турбинаның көлденең және тік айналу осі бар жел генераторлық қондырғылардың әр түрлі конструкцияларының және географиялық орналасуының пайдалану ерекшеліктеріне талдау жасалды. Эксперименттік зерттеулер кезеңінде жел генераторларының техникалық шешімдерінің перспективалық нұсқалары қарастырылды. Жел генераторлық қондырғылардың электр қуатын іріктеуді басқару жүйелерінің схемотехникалық шешімдерінің нұсқалары қарастырылған. Тұрақты ток генераторларын қуаты 10 кВт - қа дейінгі қондырғыларда пайдалану ұсынылады. Қуатты қондырғыларда асинхронды генераторларды немесе қос қуат генераторларын пайдалану ұсынылады. Қуатты генераторлар үшін қуаттылығы 8 МГВт-қа дейінгі инверторлар жаппай шығарылады, олар автономды және желімен басқарылатын режимдерді қамтамасыз етеді. Кілтті сөздер: жел генераторы, электр энергиясы, қорғау, жел, электр станциясы.