МАҚСАРЫ ӨНІМДЕРІН ӨҢДЕУГЕ АРНАЛҒАН ПРЕСС ЖАБДЫҒЫН ЖЕТІЛДІРУДІҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ

2024

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.48081/qwwz2466
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Соңғы кезде мақсары өнімдеріне деген сұраныс жылдан жылға өсуде, оған егістік алқаптарының артуы мен мақсары майын тұтынушылар арасындағы танымалдылығы. Ғылыми-зерттеу жұмыстары негізінде мақсары майын өндіруде пресс жабдығы қарастырылды. Нәтижесінде мақсары майын өндіру технологиясының терең зерттелмеуі мен кең қолданыс таппауына байланысты, көптеген мәселелер шешімін таппауда. Мысалы, белгілі шнекті пресс жабдықтарын қолдану, басқа кең көлемді өнім өндіру жабдықтарындай металл, электр мен жылу энергиясын және т.б. шығындарды көп жұмсауы сияқты ортақ кемшіліктер кездеседі. Сонымен қатар шнекті престердің басты кемшіліктердің бірі ол, престеу процесі кезінде өнімде массалмасу процесінің жүруіне байланысты құрылымдық-механикалық қасиеттерінің өзгерісі салдарынан шнек орамдарында қысым шамасының тұрақсыздығы мен өзгірісі. Осының әсірінен қысым шамасының шнек орамдарының арнасына тиімді таралмауы, жабдықтағы өнімділіктің төмендеуі, престеуден кейін желіде қосымша өңдеу операцияларының орындалуы мен операцияаралық шикізат шығындарының және еңбек күшінің артуы. Сондықтан өсімдік майы технологиясы желiсiндегі пресс жабдығын талаптарға сай қайта жабдықтау, бүгiнгi заман қажеттiлiгiне байланысты туындап отырған мәселелердің бірі. Туындаған мәселелерді шешу үшін престеу процесінің тиімді жолдары ұсынылып, пресс жабдығы жетілдірілді. Кілтті сөздер: жабдық, пресс, шнек, қысым реттегіш, сығу, мақсары, өсімдік майы.