ЦИЛИНДРЛІ ТІСТІ ДОҢҒАЛАҚТАРДЫ ДАЙЫНДАУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ЖӘНЕ ТОЗУ СЕБЕПТЕРІН ЗЕРТТЕУ

2024

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.48081/oamf7999
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Бұл мақалада цилиндрлік берілістерді, атап айтқанда, үлкен модульді доңғалақтарды өндірудің қолданыстағы технологияларын зерттеу нәтижелері берілген. Зерттеу жұмысы Қазақстан Республикасының машина жасау кәсіпорындары жағдайында жүргізілді және техникалық әдебиеттерге шолу жасалып, осы бағытта орындалған ғалымдардың ғылыми еңбектеріне талдау жасалды. Тік тісті цилиндірлік доңғалақтарды дайындау технологиясын зерттеу нәтижелері тіс қуыстарын өңдеудің дәлдігі мен сапасын қамтамасыз ету мәселесінің бар екенін көрсетті. Бұл әсіресе үлкен модульді цилиндрлік берілістерді жасауда айқын байқалады. Сондай-ақ, механикалық өңдеудің технологиялық процесінің жоғары күрделілігі доңғалақтарды дайындау құнының күрт өсуіне әкелетіні анықталды. Цилиндрлік тісті доңғалақ тістерінің жұмыс беттерінің зақымдануы мен тозу түрлері зерттелді. Тісті берілістердің өнімділігіне беріліс моменттерін және берілістердің айналу сипатын анықтайтын сыртқы факторлар да, механизмнің техникалық жағдайына байланысты ішкі факторлар да әсер ететіні анықталды. Мәселенің бұл күйі үлкен модульді цилиндрлік берілістердің дәлдігін, сенімділігін және ұзақ мерзімділігін арттыру үшін ресурсты үнемдейтін өңдеу әдістерін әзірлеу қажеттілігін талап ететіндігі анықталды. Тік тісті цилиндрлік доңғалақтардың тіс биіктігі бойынша эвольвентті профильдердің радиустарының ауытқуына технологиялық факторлардың әсерін зерттеу жүргізілді. Кілтті сөздер: Үлкен модульды доңғалақ, тісті цилиндірлік доңғалақ, дәлдік, сапа, тіс тозуы, сыну, абразивті тозу.