Ғ. МҮСІРЕПОВ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ МИФОЛОГИЯЛЫҚ КЕЙIПКЕРЛЕРДIҢ ҚОЛДАНЫЛУ ЕРЕКШЕЛIГI

2024

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.53871/2078-8134.2024.1-12
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада қазақ әдебиетінің классигі Ғ.Мүсiрепов шығармаларындағы фольклорлық мотивтерді, кейіпкерлерді пайдалану ерекшелігі қарастырылады. Ғ.Мүсіреповтің көркемдік жүйесінде фольклормен байланыстың түрлі әдістері қолданылады: дәйексөз, тікелей еске түсіру, реминисценциялар, жасырын ассоциациялар, тұспалдаулар, аллюзиялар, фольклордың тұрақты бейнелері мен белгілерін пайдалану. Бұлар фольклоризмнің элементарлы-поэтикалық, мифологиялық, этнографиялық бағыттағы, еркін шығармашылық жанрдағы сан қилы түрлерінің бар екендігін дәлелдейді. Ертегi, аңыздарда жиi кездесетiн көне кейiпкердiң бiрi – айдаһар. Мақалада Ғ. Мүсірепов шығармаларындағы айдаһар бейнесінің әртүрлі сипатта қолданылуы қарастырылады. Бiз зерттеуімізде Ғ. Мүсірепов шығармаларындағы фольклорлық, мифологиялық кейiпкерлердiң қолданылу ерекшелiгiн айқындай отырып, осы бейнелердiң өте көнеден келе жатқанын дәлелдейтiн ғылыми негiздерге де сүйенудi мақсат етiп қойдық. Сондықтан жазушы шығармасының тiнiнде арқау болып отырған мұндай шығыстық сипаттағы фольклорлық образдардың қазақ ғылымындағы қолданылу деңгейi қандай деген сұрақтарға да тоқталдық. Жазушы фольклорда әбден тұрақталған бейнелердi алған. Ол бейнелердi өз қоғамының талап-мүддесiне сай қолданған. Фольклорлық дәстүр Ғ. Мүсіреповтің шығармашылық мәнерінің, көркемдік әдісінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады және оның көркем шығармаларында жанрлық, мазмұндық, бейнелік-символдық, стилистикалық жағынан түрлі деңгейде көрінеді.