МИФТІК КЕЙІПКЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСУ МОТИВІНІҢ КӨРКЕМ ШЫҒАРМАДАҒЫ ҚОЛДАНЫСЫ

2024

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.53871/2078-8134.2024.1-06
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Бұл мақалада мифологиялық кейіпкерлермен кездесу мотивінің мистикалық шығармалардағы көрінісі талданады. Авторлар елесті, жезтырнақты, сайтанды, вампирді, пері қызын және вендигоны көркем туынды құрылымына енгізген қаламгерлердің шеберлігі мен авторлық идеясын анықтауға тырысады. Осы мотивті қолданған шетелдік авторлардың шығармаларымен салыстыра талдай отырып, олардың ұқсастықтары мен ерекшеліктері айқындалды. Зерттеу еңбектеріне сүйене отырып, мистикалық әдебиеттің шығу тарихы мен оның қоғам өміріндегі маңызына шолу жасалды. Әдебиеттегі мистиканың рөліне қатысты жарияланған отандық және шетелдік ғалымдардың зерттеулерін негізге ала отырып, мистицизмнің табиғатына қатысты тұжырымдар жасалды. Бір мистикалық мотивтің бірнеше халық әдебиетінде бір мақсатта қолданылатыны, әйтсе де әр жазушының өз ұлттық ерекшеліктерін сақтап қалатыны айқындалып отыр. Сонымен қатар әр дәуірде жазылған көркем шығармаларды талдау арқылы елеспен кездесу мотивінің қазақ әдебиетінде жылдар өте шеберлікпен қолданылып келе жатқаны дәлелденді. Зерттеу нысанына Ж.Аймауытовтың, М.Жұмабаевтың, М.Мағауиннің, Қ.Мүбарактың, Ш.Бейсенованың, С.Кингтің мифологиялық кейіпкерлермен кездесу мотивіне құрылған туындылары алынып отыр. Аталған жазушылардың шығармашылығында мифологиялық кейіпкермен кездесу арқылы авторлық позиция анықталды. Сонымен қатар ағылшын әдебиетінде жиі ұшырасатын вендигомен кездесу мотивінің тарихына тоқталып, оның көркем шығармадағы рөліне сипаттама берілді.