ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ДАУЛАРДЫ ШЕШУДІҢ ДӘСТҮРЛІ ЖОЛДАРЫНЫҢ ҚАЗІРГІ МЕДИАЦИЯ ИНСТИТУТЫМЕН САБАҚТАСТЫҒЫ

Journal of actual problems of jurisprudence, 2024

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.26577/japj202410911
Деректер сенімділігі 85 жоғары
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Қазақ тарихында қоғамдағы түрлі конфликтілерді билер соты мен ақсақалдар кеңесі көмегімен шешу дәстүрі болды. Билік институттарының осы түрлері халыққа ең жақыны болды. Өйткені олардың қызметі әділдік, халықтық және адамгершілік идеологиясына негізделді және оның түп мақсаты дауласушы жақтарды татуластыру, бітімгершілікке жетелеу болып табылды. Әр би мен ақсақал істі шешу барысында тартысушы тараптарға толықтай әділдік көрсетуді өзінің киелі борышы санаған. «Дау мұраты – бітім» көшпелі қазақ қоғамындағы билер сотының негізінде жатқан басты қағидалардың бірі болып табылды. Бұл өз кезегінде қазіргі Қазақстандағы медиацияның басты міндеттерінің бірі болып табылады. Мақалада қазіргі медиация мен осы екі дәстүрлі институттардың бітімгершілік пен татуластыру қызметімен тарихи сабақтастығын анықтауға талпыныс жасалады. Билер соты мен билердің бітімгершілік пен татуластыруға бағытталған қызметін анықтайтын түрлі ғалымдардың жазбасына және тарихи мұрағат материалдарына шолу жасалды. Сондай-ақ қазақ қоғамындағы ежелден билік институтының бірі болып табылатын ақсақалдар кеңесінің қызметінің ерекшеліктері де анықталады. Қазіргі уақыттағы осы дәстүрлі институттардың жаңғыртылу барысында атқарылып жатқан жұмыстарға шолу жасалды. Түйін сөздер: Билер соты, билер кеңесі, ақсақалдар кеңесі, дау-дамай, медиация, бітімгершілік, татуласу, құн.