Аңдатпа
Жер мәселесі әлеуметтік, саяси және мемлекеттік басымдықтарға байланысты азаматтарды ғана емес, жалпы қоғам мен мемлекетті де алаңдататын өзекті мәселелердің бірі болды және болып қала береді. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың "Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі" Жолдауында айтылған. Президент қоғамды толғандыратын жер мәселесіне жеке тоқталып, "Жер ресурстарын тиімсіз пайдалану мәселесі өзекті болып отыр"деп атап өтті. Ол «фермерлерге жемшөп дақылдарды өсіруге жер тапшылығы» мәселесі туындап жатқанда жерді тегін жалға алу құқығын алған және жерді пайдаланбай босқа ұстап отырған «латифундистер» деп аталатындардың бар тобына тоқталды. «Пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы жерлерін қайтарып алатын кез келді. Жер – біздің ортақ байлығымыз және оны кім игерсе, соған тиесілі болуы тиіс… Бұл – өте маңызды мәселе деді Қ.К. Тоқаев. Сондай-ақ, Президент Үкімет пен Парламентке "тиісті механизмдерді әзірлеп, ұсынуды" тапсырды [1]. Президенттің айтқаны іс жүзінде де расталып отыр. Тек Алматы облысы бойынша 576 пайдаланылмайтын жер телімдері анықталды (Қарсай ауданы 40/900 га, Ақсу ауданы 27/1,1 мың га, Балқаш ауданы 400/90 мың га, Еңбекшіқазақ ауданы 39/9,4 мың га, Сарқан ауданы 26/12,5 мың га, Панфилов ауданы 44/11,3 мың га), жалпы ауданы 125,2 мың га. Алматы қаласы бойынша жалпы ауданы 2596 га (Медеу, Алатау, Наурызбай және Түрксіб аудандары) осы санаттағы 332 игерілмеген жер телімдері анықталды. Жалпы Алматы қаласы бойынша уәкілетті органдар барлығы 1852 игерілмеген телімдерін анықтады, ауданы 5581 га (коммерциялық аймақ – 1376 телім, ауданы 2737 га, ауыл шаруашылығын пайдалану – 332 телім, ауданы 2596 га, тұрғын үй аймағы – 144 телім, ауданы 248 га)