КӨМІР ҚАБАТТАРЫНАН МЕТАН ӨНДІРУДІҢ ШЕТЕЛДІК ТӘЖІРИБЕСІН ТАЛДАУ

2024

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Hybrid Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.58805/kazutb.v.1.22-212
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада әр түрлі мемлекеттердің көмір қабаттарынан шығатын метан мөлшері жайында, сонымен қатар әр елдің метан өндіру тәсілдері туралы қарастырылған. Әлемдегі көмір бассейндерінде шамамен 70 ел бар, олардың 40-тан астамында метанды қандай да бір жолмен алу жұмыстары жүріп жатыр. Кейбір елдер көмір қабаттарынан метан өндірудің әртүрлі технологияларын сәтті қолданады. Әлемнің 20-ға жуық елі метан өндіру үшін бұрғылауды белсенді қабылдайды және пайдаланады. Көмір метанының ең көп мөлшері Ресей, АҚШ, Қытай, Канада, Австралия, Оңтүстік Африка, Үндістан, Польша, Германия, Ұлыбритания, Қазақстан және Украина аумағында орналасқан кен орындарында шоғырланған. Соның ішінде метанның ең көп зерттелген ресурстары әзірге АҚШ, Канада және Австралия мемлекеттерінде бар. Әлемнің әртүрлі елдерінде метанның геологиялық пайда болу жағдайларын талдай отырып, Қарағанды көмір бассейнінде бұл газды өндірудің экономикалық тиімділігі туралы айта аламыз. Басқа елдердің тәжірибесі көмір қабаттарының пайда болуының ұқсас жағдайында метан өндіруді көрсетеді.