БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ: ЕЛАРАЛЫҚ ТАЛДАУ

2024

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Hybrid Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.58805/kazutb.v.1.22-238
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақаланың мақсаты бухгалтерлік есеп пен аудиттің сапасы мен сыбайлас жемқорлықтың болжамды деңгейі арасындағы байланысты зерттеу. Бұл байланыс бухгалтерлік есеп, аудит және сыбайлас жемқорлық сапасын өлшеу үшін жалпыға қол жетімді деректерді пайдалана отырып, еларалық талдау жүргізу арқылы зерттелді. Біздің болжамдарымызға сәйкес, бухгалтерлік есеп пен аудиттің сапасы елдегі болжамды сыбайлас жемқорлық деңгейімен айтарлықтай байланыстың бар екендігін дәлелдейді. Зерттеудің нәтижелер неғұрлым ашық есептілігі бар елдердің болжамды сыбайлас жемқорлық деңгейі төмен екенін және елдегі болжамды сыбайлас жемқорлық деңгейі бухгалтерлік есеп пен аудит сапасын жақсарту арқылы төмендетілуі мүмкін екенін көрсетеді. Зерттеу барысында Дириенцо және Трейсманның регрессиялық моделдері қолданылды. Елдегі бухгалтерлік есеп пен аудиттің сапасы елдегі сыбайлас жемқорлық деңгейіне әсері Дириенцоның регрессиялық моделіне BIG 4 мен PAGE енгізу арқылы және Трейсманның моделінде есептеліп, бухгалтерлік айнымалылардың әр түрлі елдердегі сыбайлас жемқорлықты түсіндіру үшін маңызды екендігі тексерілді. Практикалық нәтижелер бухгалтерлік есеп пен аудит стандарттарын жетілдіру арқылы қаржылық есептіліктің ашықтығын арттыру арқылы елдердің болжамды сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендете алатынын көрсетеді.