METASPLOIT FRAMEWORK АРҚЫЛЫ ЖЕЛІ МЕН СЕРВЕРДЕГІ ОСАЛДЫҚТАРДЫ СКАНЕРЛЕУ ЖӘНЕ ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕРГЕ ҚАШЫҚТАН ҚОЛ ЖЕТКІЗУ

2024

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Hybrid Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.58805/kazutb.v.1.22-308
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Берілген мақалада ақпараттық қауіпсіздік аудитінің бір мысалы, желі мен сервердегі осалдықтарды Metasploit Framework құралымен сканерлеу және осы құрылғы көмегімен басқа операциялық жүйеге қалай қашықтан қол жеткізуді жүзеге асыруға болатындығы қарастырылып, толықтай сипатталған. Жұмыс практикалық түрде қосымшаларды пайдалана отырып жасалынды. Аудит құралдары үшін негізгі назар Kali Linux операциялық жүйесі және олардың қазіргі ақпараттық қоғамда желілік қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі маңызды рөлін зерттеу қарастырылды. Сонымен қатар, мақалада зерттеу мақсаттарын анықтаудан бастап нәтижелерді талдауға және ұсыныстарды тұжырымдауға дейінгі ақпараттық қауіпсіздік аудитінің негізгі кезеңдеріне шолу жасалды. Сондай-ақ, аудит процесінде қолданылатын негізгі құралдар мен технологиялар қарастырылады, бұл киберқауіпсіздік саласындағы білімді кеңейтуге және аудит жүргізу сапасын арттыруға ықпал етеді. Мақалада зерттеу жұмыстары бойынша ақпараттық қауіпсіздік саласына қызығушылар үшін тиімді мысалмен қосымша сипатталып көрсетілген. Кілттік сөздер. Metasploit Framework, Meterpreter, aудит, ақпараттық қауіпсіздік, сканерлеу, шабуыл.