Банк секторын цифрландыруда реттеуші технологияларды (regtech) қолдану

2024

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.32523/2789-4320-2024-1-237-255
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

. Реттеу технологиялары (RegTech) - бұл банк секторындағы қадағалаудың жаңа парадигмасы. Қазақстанда екінші деңгейлі банктер арасында реттеуші технологияларды қолдану кеңінен таралуда. Мақала мақсаты ретінде ережелер мен принциптерді автоматтандыру үшін RegTech шешімдерінің әлеуеті және Қазақстандағы екінші деңгейлі банк жүйесіндегі (Каспи банк мысалында) реттеуші технологиялардың қолданылуы қарастырылды. Қазақстанның банк секторына анализ жасау әдісі арқылы реттеуші технологияның енгізілу деңгейі зерттелді. Технологияны қолдану, күнделікті мәселелерді шешу арқылы банктік реттеушілерге шығындарды үнемдеу, ресурстарды оңтайландыру және жылдамдық пен икемділікті пайдалануға мүмкіндік береді. RegTech-бұл тәуекелдерді басқару және сәйкестік шешімдерінің жетілдірілген нұсқасы ғана емес, бұл бұлтты технологияларды, машиналық оқытуды, банктік деректерді біріктіру және талдау үшін үлкен деректерді талдауды және ұйым үшін тәуекелдерді анықтау, болжау және азайтуды қамтитын шешімдерді қамтамасыз ету үшін пайдаланады. Мемлекеттегі қолма қол ақшасыз транзакциялардың санының артуы мен интернет немесе ұялы телефон арқылы жасалған төлемақылардың дәстүрлі POS-терминалдан асып түсуі цифрлы технологиялардың елдегі даму рөлінің жоғары екенін көрсетеді.