Экономикадағы жаһандық үрдіс және орнықты даму: әлемдік тенденциялар мен отандық тәжірибе

2024

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.32523/2789-4320-2024-1-50-72
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Ұсынылып отырған ғылыми мақалада ғалымдардың, түрлі экономикалық мектептердің, халықаралық беделді ұйымдардың ғылыми еңбектері оқып - зерттеп, қазіргі қолданыстағы нарықтық сипаттағы дәстүрлі экономикалық үлгінің даму шегіне жетіп, экологиялық факторларды ескере отырыра орнықты дамуға көшудің жаңа модельдерін енгізіп одан әрі дамытудан басқа балама жоқ екені анықталған. ХХІ ғасырдағы әлемдік тәртіптің архитектурасын қалыптастыру елдер, компаниялар арасындағы бәсекелестіктің өсіп келе жатқан күрделі процестерінің үйлесімі негізінде жүретіндігіне назар аударылған. Бүгінде, дәстүрлі макро көрсеткіштер адамның әл-ауқатының өлшемі болып қала берсе, өзгеріс жолында үлкен кедергілер болады. Нарық тек тиімділікті көреді, ол әділеттілікті немесе тұрақтылықты сезінуге бейімделмеген. Осыған байланысты дәстүрлі экономикалық көрсеткіштерге назар аудару болашақта тұрақты дамуға көшуге кедергі келтіруі мүмкін. Өсудің ресми макроэкономикалық көрсеткіштерін емес, экологиялық және әлеуметтік мәселелерді көрсететін индикаторлар маңызды рөл атқаруы керек екендігі авторлармен нақтыланып, ұсыныстар мен жетілдіру жолдары айқындалған, жаһандық сын – қатерлерді ескере отыра отандық тәжірибеге озық үлгілерді кіріктіру мүмкіндіктері қарастырылған.