Интеграцияланған есеп беру процесін институттандыратын басқарушылық бақылау жүйесі

2024

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.32523/2789-4320-2024-1-309-324
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақала мақсаты басқарушылық бақылау мен интеграцияланған есеп беру арасындағы байланысты, сонымен қатар, басқарушылық бақылау жүйелерінің (ББЖ) интеграцияланған есепті дайындауды жеңіл түрін немесе шектейтіні туралы түсінігімізді тереңдетуге бағытталған. Басқарушылық бақылау жүйелері (ББЖ) ұйымдардағы интеграцияланған есеп беру процесін қалай қамтуы, шектеуі және жүзеге асыруы мүмкін екенін қарастырады. Әдістеме интерактивті, интерпретациялық және сапалы зерттеуде «зерттеу нәтижелері әдетте ерекше және жалпылау мүмкін емес» деп зерттеуге қолданылатын сипаттама атап өтті. Басқарушылық бақылау жүйелері мен интеграцияланған есептерді құру арасындағы байланысты тереңірек түсіну маңызды, бірақ интеграцияланған есеп беру ғылыми әдебиеттерде жеткілікті зерттелмеген тақырып болғандықтан «Қазатомөнеркәсіп» АҚ мысалында қарастырылады. Зерттемеде басқарушылық бақылау жүйесін, институционалдық жұмысты пайдалана отырып, егжей-тегжейлі компаниясының тұрақты даму мақсаттарын бағалаймыз. Ұйымдастырушылық мәдениет, нақты міндеттер және мүдделі тараптармен тұрақты интеграцияланған есеп беру процесінің дамуына ықпалы. Сонымен қатар, мүдделі тараптармен үнемі үздіксіз өзара әрекеттесетін көп сатылы интеграцияланған есеп беру процесін енгізуге көмектеседі. Қорытынды, интеграцияланған есепті дайындау процесіне қатысты басқарушылық бақылау жүйесі туралы толық ақпарат, қазіргі интеграцияланған есеп беру (ИЕ) мамандары мен біріктірілген есептілікті енгізуді қарастыратын ұйымдарға қызықты болуы мүмкін.