Тұрақты туризмді қалыптастыруда материалды емес мәдени мұраның әсері

2024

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.32523/2789-4320-2024-1-343-361
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Аталмыш мақала тұрақты туризмді қалыптастыру процесінде материалды емес мәдени мұраның рөлін зерттеуге арналған. Мақалада материалды емес мәдени мұра мен туризмнің дамуы арасындағы байланыстың түрлі аспектілері талданды, сонымен қатар оның тұрақты туристік тәжірибелер мен қоршаған ортаға әсері зерттелді. Сондай-ақ, туризмнің неғұрлым дамыған аймақтарында жүргізілген эмпирикалық зерттеудің нәтижелері келтірілген. Жүргізілген зерттеулерді талдау туристерді тартуда, олардың қанағаттануында және туристік өнімдерді тұтыну деңгейін арттыруда материалды емес мәдени мұраның рөлін анықтауға мүмкіндік берді. Сондай-ақ, туристік индустрияны тұрақты дамыту мақсатында материалды емес мәдени мұраны сақтау және ілгерілету жөніндегі іс-шаралардың маңыздылығы зерттелді. Мақаланың қорытынды бөлімінде туризмді дамыту стратегияларын әзірлеу кезінде материалды емес мәдени мұраны назарға алудың маңыздылығы туралы пайым жасалды. Тұрақты және бірегей туристік өнім жасау мақсатында материалды емес мәдени мұраны қорғау және ілгерілету үшін мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар мен жергілікті тұрғындар арасындағы ынтымақтастықты күшейтудің маңыздылығы зерттелді.