Қазақстандағы қаржы даму институттарының инвестициялық портфеліне талдау жасау

2024

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.32523/2789-4320-2024-1-271-282
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада Қазақстанда инвестициялық жобаларды қаржыландыру процессіне тұбегейлі қатысатын, сонымен қоса, өте маңызды орын алатын қаржы даму институттарының бірі – «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ-ның ағымдағы қазіргі уақыттағы жай–күйі зерттелді. Авторлар "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ соңғы төрт жылдағы инвестициялық жобаларды қаржыландыру үшін тікелей несиелеу шеңберінде кредиттік портфельдің жыл сайынғы мөлшеріне талдау жүргізді. Ресми статистикалық деректер негізінде негізгі он салалық құрылым бөлінісінде "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ-ның инвестициялық жобаларды қаржыландыру үшін берілген қарыздарға анағұрлым егжей-тегжейлі талдау жүргізілді, сондай-ақ 2022 жылдың 2019 жылға және 2022 жылдың 2021 жылға қарағандағы өзгерістері салыстырмалы түрде талқыланды. Авторлар «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ-ның кредиттік портфелінің сандық мәндегі өңірлік құрылымын ашты. Мақалада Қазақстандағы инвестициялық жобаларды қолдау және одан әрі дамыту үшін қаржы даму институттарын дамыту жолдары ұсынылған.