Шетелдік студенттердің практикалық дағдыларын дамыту үшін CyberPatient™ платформасын пайдалану

2024

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.37800/rm.1.2024.158-165
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Өзектілігі: Медицина жоғарғы оқу орындарының студенттері үйренуге болатын алғашқы тәжірибелік қадамдардың бірі медициналық сұхбат жүргізу болып табылады. Виртуалды шындық студенттерге сенімді, стандартталған және үнемді онлайн құралдарды пайдалана отырып, анамнез жинау дағдыларын үйрену және тәжірибеде қолдану үшін қолайлы виртуалды клиникалық ортаны қамтамасыз ете алады. Көптеген зерттеушілер өздерінің мета-талдауында виртуалды науқастар студенттердің белгілі бір тақырыптар бойынша клиникалық пайымдау қабілетін жақсартуда тиімді деген қорытындыға келген.Зерттеудің мақсаты – CyberPatient™ платформасын пайдалана отырып шетелдік студенттерде анамнез жинау дағдыларын жетілдіруін, ары қарай диагностикалық іс-шараларды тағайындау және жүргізу барысында практикалық дағдыларды жақсартуды, сонымен қатар болжамды диагнозды қою тәжірибесін жетілдіруді бағалау.Материалдар мен әдістері: Мақсатқа жету үшін Акушерлік және гинекология кафедрасында «Гинекология» пәнінен «Жалпы медицина» мамандығы бойынша алыс шетелден келген студенттерге арналған практикалық сабақ шеңберінде (02-19 топ) CyberPatient™ платформасы пайдаланылды. Сабақ тақырыптары «Эндометриоз», «Климактериялық синдром» және «Әйел жыныс мүшелерінің қабыну аурулары» болып табылды. CyberPatient™ нақты өмірдегі пациенттерді имитациялайтын арнайы анимациялық аватарларды пайдалана отырып, онлайн платформада жасалған дайын сценарийлерді ұсынады.Нәтижелері: CyberPatient™ технологиясының жоғары тиімділігі дидактикалық міндеттерді сапалы шешу қабілетіне байланысты: студенттің құзыреттілігінің әртүрлі бастапқы деңгейін ескере отырып, жеке білім беру траекториясын құру, оқу ақпаратын көрнекі түрде ұсыну және кәсіби тапсырманы нақты модельдеу, оқу нәтижелерін объективті бақылау, кері байланысты тез алу, қателерді анықтау, өзін-өзі бақылау және өзін-өзі түзету және оқытудың мотивациялық аспектісін күшейтеді. Студент өз бетінше ешқандай көмексіз орындаған сәтте 100 баллдан тұратын ұпай жинайды. Егер бағалау парағына сәйкес студент қажетті балл жинамаса немесе 50 баллдан аз жинаса немесе кезеңдердің біреуінен өтпесе, ол осы критерийді орындамағанын көрсете отырып, бүкіл кезеңнен қайта өтуі қажет болып табылады.Қорытынды: CyberPatient™ бағдарламалық құралы – бұл клиникалық негіздеме мен дәрігерлік шешім қабылдау дағдыларын дамыту үшін сәтті пайдаланылуы мүмкін тиімді педагогикалық әдіс. Оң нәтижелерді ескере отырып, медициналық жоғары оқу орындары білім беру қызметінде CyberPatient™ технологияларын кеңінен қолдана алады, бірақ сапалы нәтиже алу үшін осы модельдеу технологиясын қолданыстағы оқу бағдарламаларына біріктіру жолдарын әзірлеу қажет табылады.