Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Кемел Тоқаев («Солдат соғысқа кетті» романы негізінде)

2024

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.32523/2616-7255-2024-146-1-215-232
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақала мазмұны Ұлы Отан соғысының Дон, 1-ші Украин, 2-ші Белорус фронттарының ірі шайқастарына қатысушы Кемел Тоқаевқа байланысты өрбиді. Автор, зерттеліп отырған тұлғаның Қызыл әскер құрамындағы 226-шы атқыштар дивизиясы мен 7-ші маңдай шепті бұзатын гвардиялық танк полкы жеке құрамдарының қатарында болған кездегі ұрыс іс-қимылдарының барысын ашып көрсетуге әрекет жасайды. Сонымен қатар жазушы қатысқан маңызды шайқастардың масштабы мен Қазақстанның жеңіске қосқан елеулі үлесі туралы қысқаша мәлімет береді. Зерттеу барысында Кемел Тоқаевтың «Солдат соғысқа кетті» автобиографиялық романы қолға алынып, мазмұнындағы сюжеттік оқиғалар мен көрсетілген уақыт аралығына ерекше назар аударылды. Мақала авторы Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік архиві, Ресей федерациясының Қорғаныс министрлігі және Орталық мемлекеттік архиві құжаттарын, мерзімдік басылымдардағы замандастар жарияланымдары мен отбасы мүшесінің естелік кітабын, Ұлы Отан соғысы туралы отандық ғалымдардың ұжымдық монографиялары мен тарихи-құжаттық жинақтарын қолданды. Ұрыс қимылдарындағы танк полкының іс-әрекеттерін толықтырып сипаттайтын карталар, визуалды түрде ұсынылған мәліметтердің дәлдігін арттыруға септігін тигізді. Кемел Тоқаев шығармасының мазмұны мен архив құжаттарындағы мәліметтерді сәйкестендіру барысында, әдеби шығарманың тарихи астары бар екендігі айқындалды. Зерттеу жұмысы қорытындысында ардагер-жазушының әскери жолының логикалық аяқталуы ретінде алған марапаттары аталып, осы бағытта әлі де зерттеулер қажет екеніне тоқталды. Сонымен бірге қазақ әдебиетіндегі жаңа детективтік жанрдың дамуы, тікелей Кемел Тоқаев есімімен байланысты екені айтылды.