МЕДИЦИНАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДЕ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӘДІСТЕРДІ ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ

2023

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.53065/kaznmu.2023.10.58.016
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Кіріспе: Кәзіргі таңда мемлекеттік білім беру стандарттары жоғары оқу орындарының білім алушыларға, түлектерге еңбек нарығында бәсекеге қабілетті және кәсіптік жұмысқа орналасуға мүмкіндік беретін білім, шеберлік, дағдылар мен қасиеттер кешенін қалыптастыруға бағытталған. Оқытудың инновациялық әдістері оқу процесінде пайдаланылатын оқытудың жаңа әдістемелерінде, оқытудың тиімділігін арттыратын ақпараттық ресурстарды, көрсету жабдықтарын, арнайы әзірленген құралдар мен оқыту жүйелерін қолдануда өз көрінісін табады. Әр түрлі жаңалықтарға назар аудару ең алдымен студенттер тарапынан оқытылатын пәнге тұрақты қызығушылыққа қол жеткізу, білім алушылар мен жалпы қоғамның практикалық қажеттіліктеріне жақындату қажеттілігіне негізделеді. Жұмыстың мақсаты: Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетіндегі білім алушылардың кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру үшін оқытудың заманауи интерактивті әдістерін қолдану тәжірибесін жалпылау, оның көмегімен оқу процесінің жоғары деңгейіне қол жеткізуге ұмтылу. Зерттеу материалдары мен әдістер: Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетіндегі акушерлік-гинекология кафедрасы оқу процесіне интерактивті технологияларды енгізді. Атап айтқанда, аудиториялық сабақтар аясында акушерлік-гинекологиялық бейіндегі пәндерді оқытуда дәріс-конференция, мәселені қалыптастыруға негізделген оқыту, шағын топтардағы жұмыс, рөлдік ойын, "Конференция" әдісі, дөңгелек үстел, нақты жағдайларды талдау сияқты интерактивті формалардың нұсқаларын пайдалануға баса назар аударылады. Дәрісконференцияға қатысу білім алушыларға тақырып материалын оқып қана қоймай, командада жұмыс істеу, дәлелдерді қолдана отырып, өз көзқарасын қорғай білу, сондай-ақ әріптестердің пікірлерін талдау сияқты дағдыларды меңгеруге мүмкіндік береді. Қорытынды: Мақалада талқылып отырған инновациялық әдістердің кей бір түрлері оқушының медициналық білім алатын студенттерге білім беру барысында танымдық қызметін белсендіру, клиникалық ойлауын дамыту, шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру, қызығушылығын қолдау және болашақ мамандығын таңдауға көмек көрсетеді