АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ ТҰЖЫРЫМДАРЫНЫҢ ҚАЗІРГІ БІЛІМ БЕРУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫМЕН САБАҚТАСТЫҒЫ

2024

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.48081/wsxw2390
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Бұл жұмыс қазақ тіл ғылымы мен әдебиеттану ғылымында өзіндік биік орны бар біртуар тұлға, ұлы ағартушы А. Байтұрсынұлы шығармашылығындағы білімді, алғыр, жасампаз шәкірт тәрбиелеу мен оқыту мәселелеріне қатысты еңбектерді талдауға арналған. Қазіргі қазақ тілі мен әдебиеттану ғылымдарының қалыптасып, дамуына үлкен еңбегін сіңірген ағартушы шығармашылығын зерттеу, ғалымның білім беру мәселелеріне қатысты ойларын талқылау бүгінгі жаңартылған білім беру саласы үшін маңызды. Тақырыптың дәл осы негізде таңдалуы бүгінгі білім беру үдерісінде маңызды орын алатын 4К оқыту моделі мен оның құрамдас компоненттерінің әрқайсысының мән-маңызымен кеңірек танысу, оқытудың аталмыш жүйесін қамтыған А. Байтұрсынұлы еңбектерін зерттеу қызметімен тікелей байланысты. Білім беру саласындағы 4К моделінің А. Байтұрсынұлы еңбектерінде көрініс табуын зерттеу арқылы ғалымның туған халқының мүддесіне қызмет еткен терең ойларымен, жасампаз идеяларымен, әдісітемелік бағыт-бағдарларымен танысуға мүмкіндік туады. Сонымен қатар зерттеу жұмысы тіл ғылымына қатысты әдістемелік еңбектер мен оқыту құралдарына қосымша материал ретінде қолданыла алады. Бұл зерттеу жұмысының мақсаты – 4К оқыту моделін жүйелі түрде сипаттау, 4К оқыту жүйесінің білім саласындағы маңызын нақтылау, ағартушы еңбектеріндегі 4К моделінің көрініс табуын талдай отырып, ғалым еңбектерінің тіл ғылымында алатын орнын анықтау. Кілтті сөздер: ағартушы, педагогикалық идеялар, сыни ойлау, шығармашылық, қарым-қатынас, ынтымақтастық.