РЕАЛДЫ-ТАРИХИ ЖЫРЛАРДАҒЫ ҚАЗАҚ БАТЫРЛАРЫНЫҢ ОБРАЗЫ

2024

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.48081/ehqa1349
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада реалды тарихи жырлар негізінде ақындардың қоғамдағы рөлі, ұлттық идеяны қалыптастырудағы орны, рухани ой-сананың өсуіне қаншалықты ықпал жасағандығы қарастырылды. Реалды-тарихи эпостар – қазақ әдебиетінде мазмұны жағынан тарихи деректілігімен, жанрлық табиғаты жағынан поэтикалық ерекшеліктерімен көрінетін әдеби жанр. Тарихи жырлар өзіндік қалыптасу және дамуы жағынан тек бір ғана дәуірдің рухани құндылықтары емес, онда мыңдаған ғасырлардың тарихи оқиғаларының ізі бар. Тарихи жырларды шығарушылардың өздері сол тұстағы тарихи оқиғаларды көзімен көрген ақын-жыраулар болған. Сондықтан тарихи жырлар көбіне оқиға болып жатқан сәтте туындап, оқиғаның себеп-салдарын түсіндіруге бағытталады. «Кенесары-Наурызбай», «Исатай-Махамбет», «Сұраншы батыр» тарихи жырлары – әдебиет тарихынан өз бағасын алатын ұлтымыздың өшпес мұрасы. Бұл жырларда елін, жерін аман сақтап, атадан қалған ұлан-байтақ жерді ұрпағына аманат еткен, Қазақстан тәуелсіздігі жолында құрбан болған қазақ батырларының ерлік істері жырланды. Аталмыш мақалада қазақтың баһадүр батырлары Исатай-Махамбет, Кенесары, Сұраншы сияқты батырлардың бейнесі тарихи эпостар негізінде дархан даламызды сыртқы жаулардан қорғауда, Тәуелсіздік жолындағы күресте ерлік көрсеткен батырлар бейнесін аша отырып, оларды сомдауға қолданылған әдіс-тәсілдерге ғылыми тұрғыдан талдау жасалып, мысалдармен дәлелденді. Мақаланы талдап талқылау барысында Қазақстанның белгілі әдебиеттанушыларының, тарихшыларының пікірлері алынды. Кілтті сөздер: тарих, жыр, эпос, образ, батырлар бейнесі, Исатай, Хан Кене, Сұраншы батыр.