ЭКОНОМИКАҒА НЕГІЗДЕЛГЕН ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ШЕШІМДЕР ҚАБЫЛДАУ КЕЗІНДЕ ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІЛІК КОМПОНЕНТТЕРІНІҢ ПАЙДАЛЫЛЫҒЫ

2024

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.55871/2072-9847-2024-62-1-64-74
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақаланы зерттеу мақсаты инвесторлардың инвестициялық шешімдер қабылдауы үшін қаржылық есептілік компоненттерінің пайдалылығын бағалау. Қаржылық есептілік элементтері ұйымның сыртқы пайдаланушылар үшін қаржылық ақпаратының негізгі көздері болып саналады. Қаржылық есептілік дұрыс инвестициялық шешімдер қабылдау үшін маңызды ақпарат көзі ретінде танылды. Зерттеу әдіснамасы ыңғайлы іріктеуге негізделген және тек Астана қаласын қамтиды. Астанада тұратын инвесторларға шешім қабылдау үшін компоненттердің пайдалылығына қатысты жақсы дайындалған сауалнама ұсынылды. Оған тек 44 инвестор онлайн Survey платформа арқылы өз пікірлерін білдірді, одан кейін деректер сипаттамалық статистика, Корнбах-Альфа, корреляция анализі көрсеткіштері арқылы есептелді. Зерттеудің бірегейлігі / құндылығы:қаржылық есептілік инвесторлардың бірнеше инвестициялық шешімдеріне айтарлықтай әсер ететіні анықталды. Қаржылық есептіліктің элементтері инвесторларға олардың инвестициялары туралы шешім қабылдауға айтарлықтай көмектеседі. Зерттеу инвесторлардың шешім қабылдау процесі қаржылық есептіліктің құрамдас бөліктерімен тығыз байланысты екенін көрсетті. Талдаудың барлық дерлік мәндері 50% - дан жоғары болды, оған қаржылық есептілік элементтері арқылы берілген ақпарат инвесторларға бірнеше шешім қабылдауда пайдалы екенін көрсетті. Зерттеу нәтижелері: инвесторларды қаржылық есептіліктегі ақпаратты негізделген инвестициялық шешім қабылдау мақсатында пайдалануға итермелейді. Зерттеуде Қазақстан Республикасының шектеулі аумағын ғана қамтыды, инвесторлар үшін қаржылық есептіліктің пайдалылығының нақты сценарийін анықтауға әрекет жасалды.