Қазақстанның көлік-логистикалық жүйесін корреляциялық талдау

2024

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.31489/2024ec1/171-180
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақсаты: Қазақстанның халықаралық рейтингтегі көрсеткіштеріне және көлік-логистикалық жүйесінің даму жағдайына талдау жүргізу, соның негізінде оның дамуына ықпал ететін факторларды анықтау. Әдісі: Жұмыста Қазақстандағы логистиканың рейтингтік көрсеткіштері мен көлік-логистикалық жүйесінің статистикалық көрсеткіштері арасындағы корреляциялық талдау әдісі пайдаланылды. Қорытынды: Мақалада Қазақстан Республикасының көлік-логистикалық жүйесін талдау ұсынылған. Қазақстанның әлемдік рейтингтердегі ұстанымдары (Logistics Performance Index, Transport infrastructure/the Global Competitiveness Index, Emerging Market Logistics Index) талданды. Рейтингті талдау негізінде Қазақстан көліктік-логистикалық жүйесін дамытудың ұйымдастырушылық-экономикалық құралдарының тиімділігіне баға берілді. Тұжырымдама: Қазақстан экономикасы үшін транспорттық-логистикалық жүйе маңызды құрамдас бөлік болып табылады. Географиялық орналасуы Қазақстанға халықаралық логистикаға қатысу үшін үлкен артықшылық береді, өйткені ол Еуразия құрлығының дәл орталығында орналасқан. Бұл Қазақстанға шығыс-батыс және солтүстік–оңтүстік бағыттарындағы жүктердің транзитін қамтамасыз ете отырып, Азия мен Еуропа арасындағы байланыстырушы буын ретінде дамуға мүмкіндік береді. КЛЖ қызметі ел үшін өте маңызды. Қазақстанның көлік-логистикалық жүйесінде алдағы уақытта экономиканың өсу қарқынына теріс әсер етуі мүмкін бірқатар жүйелі проблемалар бар. Зерттеуде авторлар көлік-логистикалық жүйелердің тұрақты даму факторларын жүйелеп, көлік-логистикалық салаға әсер ететін тенденцияларды қарастырды. Сондай-ақ, Қазақстанның көліктік-логистикалық жүйесін дамытудың негізгі көрсеткіштері мен EMLI индексі арасында корреляциялық байланыс анықталды, бұл өз нәтижесінде логистиканың неғұрлым дамыған елдердің нәтижелерімен салыстырудың маңыздылығын айқындайды.