ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАЛАМАЛЫ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚОРЛАРДЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ

2024

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.55871/2072-9847-2024-62-1-126-135
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Қазіргі таңда Қазақстанның қор нарығының жұмысын баламалы инвестициялық қорлардың атқаратын қызметін жақсарту басты бағыт болып саналады. Еліміздегі баламалы инвестициялық қорлардың атқаратын қызметін, тұрғындарға түсіндіруде, фирмалар мен қызметкерлердің қаржылық сауаттылығын анықтай отырып, қайсы бағытқа барынша көңіл бөлудің қажеттілігін нақтылауға қажеттілік туындауда. Қазақстан салаларының құрылымдық экономикасының жай-жапсарымен, аухалын жақсарту үшін, әлемдік қор нарығында өзгерістерді үйрене отырып, жаңашылдыққа негізделіп, еліміздің тұрғындары қаржылық сауаттылықтың артырып, баламалы қорларға инвестициялауды үйренуде қаржылық сауаттылықты жетілдіру қажет. КОВИД-2019 пандемиясын кейін, елімізде интернет жүйесінде сауда-саттықта ұйымдастыру іске асыру қолға алынды. Сонымен қатар баламалы инвестициялық қорлар тақырыбы әрбір тұрғындардың жер бетіндегі мемлекеттердің әл-ауқатын көтеруде қаржылық сауаттылықтың маңыздылығы артуда. Әлемдік деңгейде инвесторлардың басты бағыттары, баламалы инвестицияларды қаржыландыру сатып алу туралы мәселелерді қарастырып талқылау болып табылады. Баламалы инвестициялық нарық - эмитенттерге инвесторлардың қаржылық ресурстарын топтауға және құнды қағаздарға инвестициялау негізінде олардың жинақтап, топтауға және жинақтарды мол етуге ықпал ететін тетік болып табылады. Құнды қағаздар нарығын сауатты инвесторлармен толықтыру арқылы қазіргі таңда әлемдік деңгейде, сонымен қатар елімізде құнды қағаздар нарығының маңыздылығы артуда, себебі құнды қағаздармен жасалатын арнайы іс-қимылдардың деңгейі мен өсуі елдің экономикалық өсу жағдайын сипаттайды. Қазіргі кезеңде құнды қағаздар нарығында кәсіпкерлікті дамыту, өндірістердің экономикалық тиімділік дәрежесін өсіру, инфрақұрылымдық проектілерді мақсатты қаржыландыру арқылы бюджеттік тапшылықты алдын-алу үшін, ақшалай қаражатты тартудағы ең басты маңызды фактор болып табылады. Осы негізде құнды қағаздар нарығындағы бағалы қағаздарды сатылымға шығару қаржы нарығының негізгі аймағы болып, нарықтық экономика көрсеткіштердің негізгі дәрежесін нақтылап, қаржылық ядросын құрайды. Инвестициялар міндетті түрде тұрғындарға қаржыға бағымсыз болуға оң ықпал ете алады, сонымен қатар өмір сүру деңгейін жақсартып оңтайландыруға үлкен ықпалы бар қажетті құрал ретінде қарастырылады. Еліміздің қазіргі ахуалында тұрғындың қаржылық сауаттылық ахуалының төмен деңгейде екендігін көрсетті. Қазақстанның басқа экономикасы өсу қарқыны жоғарғы елдермен салыстырмалы түрде, еліміздің халқының пассивті табысы бар тұрғындардың пайызының өте алшақ екенін көрсетті.