ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТУРИЗМ КІРІСТЕРІ МЕН ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУ АРАСЫНДАҒЫ БАЙЛАНЫСТЫ ТАЛДАУ

2024

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.55871/2072-9847-2024-62-1-75-84
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Туризм саласы ел экономикасының өсу және даму процестерінде маңызды орын алады. Оның экономикалық және қаржылық салада тудыратын оң әсерлерін жалпы алғанда кірісті ұлғайту, шетел валютасының түсуін қамтамасыз ету, ағымдағы шоттың тапшылығын жабу, салық түсімдерін ұлғайту, жұмысбастылық пен өндірісті арттыру деп қарастыруға болады. Сонымен бірге туризм секторы экономиканың басқа салаларына оң ықпал етуіне байланысты экономикалық өсу үшін маңызды қызмет көрсету саласы болып табылады. Осы оң әсерлердің арқасында ол елдердің экономикалық дамуы мен жаңару үдерісінің катализаторы ретінде қарастырылады және сектордың басқа салалармен өзара әрекеттесуін зерттеу маңызды болып табылады. Бұл мақаланың мақсаты Қазақстандағы туризм кірістері мен экономикалық өсу арасындағы байланысты эмпирикалық талдау болып табылады. Эмпирикалық талдауда біріншіден, Augmented Dickey-Fuller (ADF) сынағы арқылы бірлік түбір сынағы жүргізілді. Айнымалылар арасындағы ұзақ мерзімді байланыс Johansen коинтеграциялық талдауымен зерттелді және туризм кірістері мен өсу арасында ұзақ мерзімді байланыс табылды. Осы себепті байланыс бағыты Векторлық қатені түзету моделіне негізделген Грэнджер себептілік тестімен зерттелді және ұзақ мерзімді перспективада туризм кірісінен экономикалық өсуге бір бағытты себептілік байланысы анықталды. Нәтижесінде туризмнен түсетін кірістердің артуы Қазақстан экономикасының ұзақ мерзімді перспективада өсуіне оң ықпал ететіні анықталды. Осы тұрғыда Қазақстандағы туризм саласына көрсетілетін қолдауды арттыру, баламалы туристік мүмкіндіктерді ашып көрсету, туризм саласына инвестицияны ұлғайту саясатын қалыптастыру қажет.