Доңғал қонысының остеологиялық коллекциясының құрамы туралы

2024

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.31489/2024hph1/82-89
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Доңғал қонысы Қарағанды қ. 208 км оңтүстік-шығысқа қарай орналасқан. Қоныстың материалдары бойынша қыштың ерекше доңғалдық деп аталатын түрі айқындалды. Аталған түрдегі қыш белгілі бір ерекшеліктермен қамтылған, ол ерекшеліктерді алдында болған қола дәуірінің соңы Сарғары-алексеев мәдениетімен, сонымен бірге ерте темір ғасырының ескерткіштерімен де байланыстырады. Осы екі тарихи дәуір мәдениеттері арасында генетикалық байланыс анықталған. Осылайша, доңғалдық түрдегі ескерткіштердің қола дәуірінен ерте темір ғасырына өтпелі кезеңде болған мәдени-тарихи үрдістердің түсінігін қалыптастыру үшін ерекше маңызы бар. Доңғалдық түрді айқындау заңдылығы осыған ұқсас қыштардың тек Қазақстанда емес, ресейлік Алтай өңірінде табылғандығы дәлелденген болатын. Мақалада Доңғал қонысының остеологиялық топтамасының сараптамаларының нәтижелері қарастырылған, табын жануарларының құрамы айқындалды. Ұсақ-қара малдар табын жануарлары ішінде бірінші орынға ие екені белгілі болды (42,1%). Екінші орынға табылған сүйектер саны жағынан жылқы (28,3%), ал үшінші орынға ірі-қара мал — 26,0% көрсеткішпен тұрақтады. Сонымен бірге арқар, бұлан, марал, құлан, ақбөкен және қасқыр сияқты жабайы аңдар анықталды. Жабайы тұяқты жануарларға жасалған аңшылық Доңғал тұрғындарының ет үлесінің қомақты бөлігін қамтамасыз етіп отырды. Құланның — 33, ақбөкеннің — 16, арқардың — 10 сүйектері анықталды. Ұсақ-қара мал жүн алу, іріқара мал сүт өнімдерін алу мақсатында, ал жылқы көлік ретінде және жүк тасымалдаушы жануар ретіне қолданылған.