АТЫРАУ ОБЛЫСЫНДАҒЫ АДАМИ КАПИТАЛДЫҢ ДАМУЫНА ӘСЕР ЕТЕТІН ФАКТОРЛАР

2024

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Hybrid Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.47649/vau.2024.v.72.i1.11
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Білім, кәсіби құзыреттілік, әлеуметтік-экономикалық даму адами капиталдың тікелей құрамдас бөлігі болып табылады, өз кезегінде адами капитал деңгейі компанияның және бүкіл мемлекеттің құндылығын құрайды. Адами капиталды дамыту инновациялық экономика жағдайында өзекті, өйткені білім инновацияларды үздіксіз жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Бұл мақалада Қазақстанның батысында орналасқан Атырау облысындағы экономикалық өсу жағдайында адами капиталдың дамуы, жұмыспен қамту және табыс деңгейіның әсері қарастырылып, олардың өзара байланысы анықталды. Білімді экономика елдің және оның өңірлерінің инновациялық тұрғыдан дамуына, оның бәсекеге қабілеттілігін арттыруда маңыздылығы анықталды. Мақаланың басты мақсаты өңірдегі адами капиталдың дамуы және оған әсер ететен факторларды қарастыру, адами фактор мен өңірдегі экономикалық өсудің арасындағы өзара байланысты анықтау. Ғылыми мақалада алдымен адами капитал теориясы қарастырылып, адами капиталдың жинақталуы экономикалық өсу үшін неге маңызды болуы мүмкін екендігі талқыланады. Содан кейін адами капиталдың қалыптасуына әсер ететін факторлар қарастырылады. Тұрақты және ұзақ мерзімді экономикалық өсуге қолжеткізу үшін адами капиталды дамытуға бағытталған құрылымдық реформалармен сүйемелденетін экономикалық өсуді ынталандыру жөнінде тиісті шаралар бойынша ұсыныстар берілді.