Білім беру мекемелері үшін ақпараттық-білім беру ортасын Google Apps сервис пакетінің негізінде құрастыру

Bulletin of the Karaganda University Physics Series, 2019

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.31489/2019ph4/89-96
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада желілік сервистер құралдарымен бірыңғай ақпараттық-білім беру ортасын құру сұрақтары қарастырылған. Білім беру үшін Google Apps сервис пакетінің көмегімен ақпараттық-білім беру ортасын құру оқытушылар мен білім алушылардың нəтижелі біріккен іс-əрекеттілігін ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Google Apps сервистері мен олардың мүмкіндіктері, бұлттық қызметтердің мəні, сонымен қатар білім беру мекемесінің ақпараттық-білім беру кеңістігіндегі дидактикалық потенциалы зерттелген. Білім беру үшін Google Apps сервис пакеті негізінде ақпараттық-білім беру ортасын құрудың артықшылықтары көрсетілген. Авторлар Google Apps сервис пакетінде құрылған «Quantum mechanics» пəні бойынша оқу курсын сипаттады. Бұл пəн бойынша студенттердің өздік жұмыстарын ұйымдастыру үшін аталған сервистің мүмкіндіктері зерттелді.